Жетістіктеріміз » Жетісу облысы Көксу ауданы Жамбыл атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жамбыл атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Аудандық Әбіш оқуларында
08
февраль
2022
Аудандық Әбіш оқуларында
Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен Аудандық Әбіш оқуларында "Шығармалар бойынша сахналық қойылым" бөлімі бойынша мектебіміздің "Талант" окушылар театры жүлделі ІІ орынды жеңіп алды!!! Құрметті окушылар жеңістеріңіз құтты болсын! Жарайсыңдар!!!  
2024 жылдың 24 қаңтар айында Т.Исабаев атындағы  орта мектебінің базасында «Заманауи білім беру жүйесіндегі әдістемелік қызмет» тақырыбында аудандық педагогикалық оқулар өткізілді.
24
январь
2022
2024 жылдың 24 қаңтар айында Т.Исабаев атындағы орта мектебінің
2022 жылдың 23 ақпанында Б.Құндақбаева атындағы № 1 орта мектебінің базасында «Заманауи білім беру жүйесіндегі әдістемелік қызмет» тақырыбында аудандық педагогикалық оқулар өткізілді. Педагогикалық оқуларға жалпы орта білім беретін білім беру ұйымдары басшыларының оқу және әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары қатысып, тәжірибелерімен бөлісті. Педагогикалық оқуда директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Биназаров Айдар Жұмабекұлы І орынды иеленді. Жеңісіңіз құтты болсын Жұмабекұлы!!!
" Мәдениет және тілдерді дамыту "
27
май
2021
" Мәдениет және тілдерді дамыту "
Көксу ауданының " Мәдениет және тілдерді дамыту " бөлімінің ұйымдастыруымен "Абай атындағы көркем сөз оқу шеберлерінің аудандық байқауы-2020" сайысына ауданның үздік сөз оқу шеберлері бақ сынасты. Бәрінен оза шауып, бас жүлдені мектебіміздің 11 сынып оқушысы Сейтқұл Мирас қанжығасына байлады. Мирасты аққаурсын күйінде өлеңге деген қызығушылығын оятып, аламан бәйгелерге қосып баптаған ұстазы, мектебіміздің ұлағатты ұстазы – Бибігүл Алтайқызы. Мирастың Бибігүл Алтайқызы сияқты шапшаңдығы, шалт
Аудандық Қадыр оқулары
21
март
2021
Аудандық Қадыр оқулары
Аудандық Қадыр оқуларында "Кейбір жырым дән ұшырып қырманда, Кейбір жырым бақташы боп жүр маңда" номинациясында жүлделі І-орын алған мектебіміздің 6 сынып оқушысы Шаріпхан Іңкәр жеңіп алды. Жетекшісі: И.И.Закиров Жеңістеріңіз құтты болсын. Алар асуларыңыз бен шығар шыңдарыңыз көп болсын! "Ұстаздан шәкірт озар" деген осы болар!!!  
Аудандық "өзін-өзі тану" пәні бойынша олимпиада
16
октябрь
2019
Аудандық "өзін-өзі тану" пәні бойынша олимпиада
2019 жылдың қазан айының 16-шы жұлдызында аудандық "өзін-өзі тану" пәні бойынша олимпиада өтті. Біздің мектепте бұл олимпиададан сырт қалмай, 7 сынып оқушылары Иемберген А. Дәулетқызы К. және 6 сынып оқушысы Исмайлова Д. мен мектебіміздің психологі, өзін-өзі тану пәнінің Каршалова Б.Б.жетекшілік етіп қатысты! Оқушыларымыз жүлделі 3 орын алып келді! Шын жүректен құттықтаймыз! Тек биіктерді бағындыруларына тілектеспіз! Жұмыста табыстан табысқа жете беріңіздер!