Соңғы қоңырау сыңғыры » Жетісу облысы Көксу ауданы Жамбыл атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жамбыл атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
май
2021

Соңғы қоңырау сыңғыры

Балауса балғын шаққа «қош» дегізіп, соңғы қоңырау сыңғыры, қағылған өмірдің күмбіріндей мектеп бітіруші түлектерге ерекше әсер қалдырды. Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты көп мектептерде соңғы қоңырау соғылмады, үлкен өмірдің табалдырығын аттаған түлектер үшін оңай болмады.
Күні кеше ғана кішкентай балақандар, енді мектеп партасымен мәңгілік қоштасып, үлкен өмірге қанат қағар алдында тұр. Әр қайсысының жанарында – жас, көңілдеріндегі – қимастық сезімі білініп-ақ тұр. Бұл күні талапкерлер өздерінің 11 жыл тәлім терген тарыдай шәкіртен, таудай азамат пен азаматша болғандарын сезінгендей. Биылғы жылы мектебімізде барлық санитарлық талаптарға сәйкес 9-11 сынып оқушыларына 25 мамыр салтанатты жиыны ашық алаңда өткізілді.
Мектеп бітіруші түлектер үшін бүгінгі соңғы қоңыраудың үні ерекше.Бұл мереке олардың мәңгі естеріңде қалатын, қайталанбайтын, сағынышпен еске алып жүретін, балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірдің алғашқы баспалдағына аяқ басар сәттері. Енді санаулы күндерден кейін 11 жыл бойы білім, тәрбие берген аяулы ұстаздарымен, алтын ұя мектептерімен қоштасқалы отыр. Қазір олардың алдарыңда үлкен сын ҰБТ сыны тұр. Сол сыннан сүрінбей өтіп, әр қайсы өздерінің қалаған мамандықтарының иесі болуларына шын жүректен тілектеспін. Мен мектеп түлектерін әрдайым биіктерден көргім келеді.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив